USD
USD
USD

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Нұрбек, Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Саясат Нұрбек Президентке адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетігін таныстырып, еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс болжамын ұсынды.

Сондай-ақ министр жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту шараларына, соның ішінде «Келешек» механизміне тоқталып өтті. Ол AI-Sana ұлттық қозғалысын ілгерілету және AI-Enabled University индустрия университетін іске қосу жайында баяндады. Жаңа типтегі бұл жоба білім беру мен өндіріс үдерісіне жасанды интеллектіні пайдаланады

«Саясат Нұрбек DeepTech пен күрделі өндірістерді дамыту моделіне көшу жүйелі түрде қолға алынғанын жеткізді. Мұнда жоғары оқу орындары мен облыс әкімдіктерінің өзара байланысы айрықша мәнге ие. Бұл технологиялық міндеттер мен келешегі зор бағыттарды анықтауға жол ашады. Аталған механизм аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі, өнеркәсіп үлгілері жасалып, өндіріс іске қосылады», – делінген хабарламада.

Тоқаев министрге жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру, инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар