Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

Ұлытау облысының тұрғыны жергілікті реабилитациялық орталық аутизмі бар баласын қабылдаудан бас тартқанын мәлімдеді.

оңалту орталығы
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Баланың анасының қолында ресми жолдама мен квота болған, деп жазады EGOV.PRESS.

Әйелдің мәлімдеуінше, бас дәрігер мұндай балалармен жұмыс істегісі келмейтінін ашық айтқан. Оның көмек алуға ұмтылысы бюрократиямен және формалды жауаптармен аяқталған.

Сондай-ақ әйел өткен жылы баласын орталық тек ақша төлегеннен кейін ғана қабылдағанын айтады.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасы Nege.kz тілшісіне жағдайды түсіндіріп берді.

Басқарма мәліметінше, науқас тіркелген медициналық ұйым балаға оңалту орталығына жолдама ресімдеген кезде қателік жіберген.

«Көрсетілген оңалту орталығының (жекеменшік құрылым) пациентті жолдама бойынша қабылдамауының себебі – бұл қызмет оңалту орталығының мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсететін қызметтер тізбесіне кірмейді. Орталық бұл қызметтерді тек өзінің ақылы қызметтері аясында ғана көрсетеді. Өткен жылы науқастың анасы орталыққа өз бастамасымен келген, сондықтан ақылы қызмет көрсетілген», – дейді басқарма өкілдері.

Басқармадағылар қазіргі уақытта мәселе шешілгенін айтып сендірді. Бала Жезқазған қаласындағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығына жіберілген. Бала бүгіннен бастап емдік процедураларды алып жатыр.

«Жолдаманы ресімдеген медициналық ұйымның әкімшілігіне жұмыстағы кемшіліктері үшін қатаң түрде нұсқау берілді. Ал орталық қызметкерлерінің тәртібін қарау облыстық денсаулық сақтау басқармасының құзырына кірмейді», – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасы бұл мәселемен медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті айналысатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық