USD
USD
USD

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Отбасы банк мәліметінше, қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 968 640 қазақстандық тұр. Оның ішінде шамамен 306 632 адам тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығына ие.

кілт
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл – тұрғын үй мәселесін өз бетінше шешуі қиын азаматтар санаты, сондықтан мемлекеттік қолдау шаралары дәл осы топқа бағытталған, деп хабарлады банк өкілдері.

2025 жылдың қазан айынан бастап жергілікті әкімдіктер Отбасы банк балансына 21 255 пәтер тапсырды. Оның ішінде 6 670 пәтер кезекте тұрған азаматтарға жалға берілсе, 2 343 пәтер 2% және 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие арқылы сатып алу үшін рәсімделу үстінде.

Тұрғын үйді бөлу екі негізгі қағида бойынша іске асырылады – кезекке тұрған күні және азаматтар санатының басымдығы.

«Бұл тәсіл өз тиімділігін көрсетті. Мысалы, банк қолдауымен 1996 жылдан бері "жетім балалар" санаты бойынша кезекте тұрған азамат баспаналы болды. Сондай-ақ 2005 жылдан бері, яғни 20 жылдан астам уақыт күткен азаматтар да үй алды. Олардың қатарында мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар бар», – дейді банк өкілдері.

Алғаш рет «жесірлер» санаты бойынша кезекте тұрған 370 қазақстандық тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл санат өткен жылы ғана енгізілді. Бұған дейін жесірлер «толық емес отбасылар» санатына кіріп, кезек ұзаққа созылатын.

«Жетім балалар» санатындағы азаматтар да белсенді түрде баспана алуда – 986 адам қоныс тойын тойлады. Бұл санат үшін заң жүзінде арнайы квота қарастырылған – бөлінетін тұрғын үйдің кемінде 20%-ы. 

Сондай-ақ 1 077 мүгедектігі бар адам, 1 242 көпбалалы отбасы, 1 580 толық емес отбасы, 1 056 мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы қоныс тойын тойлады.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Өрт