USD
USD
USD

Қазақ елі түсірген бейнебаянды Түркия халқы ыстық ықыласпен қабыл алды

Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында «Хабар» агенттігі түсірген «Біз біргеміз» атты бейнебаян көрерменге жол тартқаны белгілі. Тың туындыны түрік халқы да ыстық ықыласпен тамашалаған

Қазақ елі түсірген бейнебаянды Түркия халқы ыстық ықыласпен қабыл алды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. Жаһандық індетпен аянбай күресіп жүрген мамандардың еңбегі қашанда ерең.  Құрмет пен қошеметке лайық жандарды қолдау үшін елімізде таспаланған туындыны Түркияның танымал қайраткерлері мен тұрғындары әлеуметтік желілерде бөлісті. Саясаттанушы-ғалым Күршад Зорлу мырза аталмыш бейнебаянды түрік тіліне аударып, фейсбукке жариялады. Бір күннің ішінде мыңнан аса қаралым жинаған  әнбаянның сөздері түркиялықтардың бірден көңілінен шығыпты. Шығарма авторларының сөздерін Анадолы халқы «Атажұрттан Түркияға жіберілген жалынды сәлем», деп қабылдады. 
«Осындай қиын кезеңдерде халықтың ынтымағы өте маңызды. Қазақ бауырларымыздың шығарған «Біз біргеміз» әнін әлеуметтік парақшалардан тамашаладық. Қатты көңілімізден шықты. Біз де туындыны дереу түрік тіліне аударып жарияладық. Санаулы сағаттың ішінде 100 мыңнан астам қаралымға жетіп, оқырмандарым тарапынан жақсы пікірлер жазылды. Бейнебаянда көп ұлтты Қазақстанның айрандай ұйып, бейбіт өмір сүріп жатқандығына да куә боламыз. Біз де өз кезегінде, түрік жұлдыздарынан осындай туындыны түсіруді талап етіп отырмыз», - дейді саясаткер-ғалым Күршад Зорлу.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.