USD
USD
USD

Астаналық қыз өзгенің ақшасын өз шотына заңсыз аударып алған

Астаналық қыз өзгенің ақшасын заңсыз өз шотына аударған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Астана қаласының тұрғыны бөтен әйелдің телефоны арқылы өз есепшотына алаяқтық жолмен 100 мың теңге аударған. Келесі күні телефон иесі өзінің банк картасынан ірі көлемдегі қаражаттың жоғалғанын байқап, дереу полицияға жүгінген.

Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтады. Ол – 25 жастағы азамат болып шықты. Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындап, ақшаны ұрлағанын мойындады. Сұрақ-жауап кезінде күдікті автобус аялдамасында бір әйелдің өзінен такси шақырып беруін өтініп, телефонын ұсынғанын айтқан. Сол сәтті пайдаланып, ол бөтен адамның ақшасын өз картасына аударып, қалауы бойынша жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта күдікті келтірілген шығынды өтеді, ал жәбірленуші оған ешқандай шағым түсірмеді.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде елден шығуға тыйым салу және тиісті мінез-құлықты сақтау түрі таңдалды.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич