USD
USD
USD

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

Ерасыл Сәулебеков
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.

Екінші орынға өзбекстандық Бекзод Гофиржонов орналасты - 341 (151+190) келі. Үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши иеленді - 338 (152+186) келі.

Айта кетейік, 8 шілдеде Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы