12 Мамыр 15:49
...
ІМ Көші қон қызметі комитетінің төрағасы тағайындалды
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы лауазымына бұрын осы комитет төрағасының міндетін атқарған полиция полковнигі Аслан Базарбайұлы Аталықов тағайындалды.
Алматы, NEGE. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев министрліктің басшы құрамына көші-қон қызметінің жаңа басшысын таныстыра отырып, оның құқық қорғау органдарындағы әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесін, жоғары кәсібилігін атап өтіп, жаңа қызметіне табыс тіледі.