4 Ақпан 11:50
...

«Хәрри Поттер» кітабы қазақ тіліне аударылды

Фото:

Британ жазушысы Жоан Роулиңнің әлемге әйгілі Хәрри Поттер шығармасы қазақ тіліне аударылды. 80 тілде жарық көрген бестселлер енді қазақстандық оқырмандарға жол тартты.

Жоан Роулиң ойлап тапқан сиқыршы бала Хәрри Поттер және оның әлемі туралы еңбектерді қазақ тілінде шығару құқығы «Steppe & WORLD Publishing» баспасына тиесілі. Баспа өкілдерінің айтуынша, туындыны қазақ тіліне аударуға аталмыш бестселлердің әлемге тарап, балалармен қоса ересектердің таңдаулы кітабына айналғаны себеп болған. «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабын Динара Мәзен, Саят Мұхамедияр және Нәркез Берікқазы аударды. Жобаның жауапты редакторы - Назгүл Қожабек. Балалар әдебиеті болғаннан кейін аурдамашылар мазмұнының жеңіл әрі түсінікті болуын басты назарға алған. Барлығы 7 томды құрайтын әлемдік ертегінің  4 томы жыл соңына дейін аударылып бітеді. Ал қалған 2 томы келесі жылдың еншісінде қалып отыр. 

Айта кетейік, британдық жазушы жазған 7 томдық қиял-ғажайып шығармалар жинағы сатылымы жағынан рекорд орнатқан. Кітапта Хогвартс Мыстандар мен Сиқыршылар мектебінің оқушысы Гарри Поттер және оның достары Роналд Уизли мен Гермиона Грейнджерлердің бастан кешкен оқиғалары туралы баяндалады. Оқиғаның негізі зұлым сиқыршы Лорд Волдемортты жеңу болып табылады. Лорд Волдеморттың көздегені - мәңгілік өмір сүру, сиқырлы әлемді қол астына алу, сиқыршы емес адамдарды жою және қарсы шыққандардың күлін көкке ұшыру. Ал қарсы шыққандардың ішінде басты кейіпкер Хәрри Поттер де бар.

Тегтер: