USD
USD
USD

Айырбастау пунктінен ақша жымқырған әйел бас бостандығынан айырылды

Айырбастау пунктінен ақша жымқырған әйел бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрме
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 47 жастағы Астана қаласының тұрғыны айырбастау пунктінде кассир болып жұмыс істей жүріп, клиенттердің ақшасын жүйелі түрде иемденіп отырған. Ол клиенттердің ақшасын қабылдаған соң, оларды кассалық аппарат арқылы санамастан тікелей сейфке салып, ешқандай құжатқа немесе есеп жүйесіне тіркемей, жұмыс күні аяқталған соң ақшаны сырт киімі тұрған бөлмеге алып шығып отырған.

Осылайша, бар болғаны бір айдың ішінде ол айырбастау пунктіне 37 миллион теңгеден астам залал келтірген. Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жазасын өтеу үшін сотталған әйел Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілді.

Қазіргі уақытта онымен тәрбиелік және құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сотталған әйел қызметкерлермен әңгіме барысында өзінің кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін, олардың қазір күйеуінің қолында тұрып жатқанын айтты.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев