USD
USD
USD

Ресейде өзін банкрот деп жариялайтындар көбейді

Ресейде банкроттық рәсімі танымал бола бастады, сот арқылы банкрот болғандардың басым көпшілігі бұған өз еркімен барады, деп хабарлады «Коммерсантъ» басылымы. 

Б
Фото: fingramota.kz

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, 2025 жылдың алғашқы жарты жылында 259,8 мың ресейлік сот арқылы банкрот деп танылған. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 35,7%-ға көп.

Көп жағдайда (97%) азаматтар өздері сотқа банкрот деп тану туралы өтініш береді. Ал несие берушілер азаматтарды төлемге қабілетсіз деп тануды соттан 2,1% жағдайда сұраса, Ресей Федералдық салық қызметі – 0,6% жағдайда ғана өтініш білдіреді.

Сот процесі аясында азаматтардың қарыздарын қайта құрылымдау жоспары да көбейіп жатыр. Бұл жоспар борышты өтеуді кейінге қалдыру мен бөліп төлеуді көздейді. Егер қарызды өтеу кестесі сақталса, борышкер банкрот деп танылмайды.

Алты айдың ішінде арбитраждық соттар 1152 қайта құрылымдау жоспарын бекітті. Бұл 2024 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда 2,3 есе көп.

Заңды тұлғалардың қызметі туралы мәліметтердің Бірыңғай федералдық тізілімінің (Федресурс) басшысы А.Юхниннің айтуынша, қарызды қайта құрылымдау жоспарын, тіпті несие берушілердің келісімінсіз де сот арқылы бекіту тетігін қолдану Жоғарғы соттың жаңа түсініктемелерінен кейін жиілей түскен.

Осы жылдың екінші тоқсанында азаматтардың берген өтініштері негізінде 15,9 мың соттан тыс банкроттық рәсімі басталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,5%-ға көп. Ресей Федерациясы Экономика министрінің бірінші орынбасары М.Колесниковтің айтуынша, азаматтар үшін тегін соттан тыс банкроттық рәсімі қиын қаржылық жағдайда «нақты көмек» көрсетіп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.