Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еуроодақ Ресейдің көгілдір отынынан толықтай бас тарта алмайды

 Ресей-Украина қақтығысынан кейін баррельмен бағаланатын энергетикалық саясат төңірегіндегі жағдай тіпті ушықты.

Еуроодақ Ресейдің көгілдір отынынан толықтай бас тарта алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір Еуроодақ ресейлік энергоресурстардан арылу жағын жіті талқылап жатыр. Бірақ бұл мәселеде одаққа мүше елдер екіге бөлінді. Еуропалық одақ Ресей мұнайы мен газына тәуелділіктен бас тартуға талпынады. Одаққа мүше мемлекеттер енді АҚШ-тан жеткізілетін сұйытылыған газ мөлшерін арттыра түспек. Бұл мәселе кеше Еуропалық одақ саммитінде талқыланды. Кездесуде ұйым елдері Еуропадағы қоймаларды толтыру ісін қолға алуға келісті. Қазір Канада да бұл істе кәрі құрлық елдеріне қол ұшын созуды көздеп отыр. Ресей мен Украина арасындағы қырғи-қабақ ахуалға байланысты мұнай экспортын 5 процентке арттыратын болды. Бұл туралы табиғи ресурстар министрі Джонатан Уилкинсон мәлімдеді. Оның айтуынша, канадалық кәсіпорындар мұнай мен газ экспортының күндік көлемін 300 мың баррельге дейін арттыруға әлеуеті бар. Десе де, Еуроодақ әзірге Ресейдің көгілдір отынынан толықтай бас тарта алмайды. Өйткені табиғи газдың 90 проценті – импорттық. Оның 40 проценті Ресейдің үлесінде.

Александр Де Кро, Бельгия премьер-министрі:

 Санкциялар Еуропадан гөрі Ресейге ықпал етуі керек. Біз өз-өзімізбен соғысып жатқан жоқпыз. Сондықтан бізді әлсірететін шектеулерге бармаймыз. Мұндай шаралардың еуропалық экономикаға кері әсері зор болады. Осы себепті мұның қажеті жоқ деп ойлаймын.

Былтыр Еуропаға жеткізілген газдың 45 проценті, мұнайдың 25 пайызы Ресейден келген. ВВС-дің ақпары бойынша, тек өткен айдың өзінде Еуроодақ елдері импорттық энергоресурстар үшін Мәскеуге 18 миллиард еуро төлеген. Оның 11 миллиардтан астамы газға, қалғаны қара алтынға кеткен. Финляндия премьер-министрі ресейлік энергоресурстарды сатып алу арқылы Еуроодақ Украинадағы әскери іс-қимылды қаржыландырып отыр дейді. Латвия да дәл осындай пікірде. Ел басшылығының ойынша, қазір Ресейдің әрекетіне қарсы жалғыз жол – газ келісімшарттарын бұзу.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел