Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Әлем бойынша әуе компаниялары мамыр айына жоспарланған шамамен 13 мың рейсті тоқтатып, жолаушыларға арналған 2 миллионға жуық орынды кестеден алып тастады.

Әуежай
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұған себеп – Иран төңірегіндегі қақтығыс пен Ормуз бұғазы арқылы тасымалдау мәселелеріне байланысты авиаотын бағасының күрт өсуі.

Turkish Airlines, Lufthansa, British Airways және KLM компаниялары рейстерін қысқартатынын мәлімдеді.

Өткен аптада Қазақстанның Энергетика және Көлік министрліктері елде авиаотын тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомстволардың мәліметінше, ішкі өндіріс сұранысты толық қамтамасыз етеді, ал қор шамамен 150 мың тоннадай.

Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Дәулет Арықбаевтың мәліметінше, ел ішінде жылына 750 мың тонна авиаотын өндіріледі, ал қажеттілік – 1,2 млн тонна.

«Ішкі нарықтағы рейстер қазақстандық авиаотынмен толықтай қамтамасыз етіледі. Қор жеткілікті. Қазіргі таңда ел бойынша шамамен 150 мың тонна қор бар», – деді ол NEGE журналисінің сұрағына жауап беріп.

Көлік вице-министрі рейстерді қысқарту мәселесі күн тәртібінде жоқ екенін, керісінше жаңа бағыттар ашу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі