USD
USD
USD

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Өскемендегі «Қазмырыш» зауытындағы жарылыс пен өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды.

Қазмырыш
Фото: Instagram/pojarnyie

Астана, NEGE. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, «Қазмырыш» аумағында болған оқиғадан кейін еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр, болған жағдайдың мән-жайын анықтау үшін шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекетін жүргізеді», – делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін, 5 мамыр күні Өскеменде зауыт аумағында жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасының жарылысы болып, оның соңы өрт пен нысанның ішінара опырылуына ұласқан.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Жарақат алған адамдарға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Сондай-ақ қазіргі уақытта жарылыс пен өрттің қоршаған ортаға қалай әсер еткені тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.