USD
USD
USD

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Әлеуметтік желіде «жылдамдықты тіркеу шегі төмендегені, енді оны сағатына екі шақырымға асырғанның өзінде айыппұл салынатыны» айтылған бейнеролик тарады.

жолдағы жылдамдық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Алайда Ішкі істер министрлігі өкілдері бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

«Құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту тәртібі өзгерген жоқ. Бұрынғыдай әкімшілік жауапкершілік белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырымға және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады», – дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Оның түсіндіруінше, 8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек камералардың жұмыс тәртібіне қатысты, яғни олардың өлшеу дәлдігі мен рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды.

«Бұл құжат жүргізушілерге ешқандай жаңа талап енгізбейді және жауапкершілікке тарту шегіне әсер етпейді.

Осылайша "сағатына 2 шақырымға асыру үшін айыппұл салынады" деген мәлімдемелер – жалған», – дейді ведомство өкілі.

Полицейлердің мәлімдеуінше, желіде аталған ақпаратты таратқан адам Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны болып шықты. Ол сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

Айбек Дәдебай

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазмырыш

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

ЖЭО

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Депутаттар