Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сақтандыру сыйлықақысын есептеу тәртібіне өзгеріс енгізетін қаулы жобасы әзірленгенін хабарлады.

Автосақтандыру
Фото: Freepik.com

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, негізгі өзгерістер сақтандыру полисінің құнын есептеу кезінде қолданылатын «бонус-малус» жүйесіне қатысты болмақ.

«Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жүргізушінің сақтандыру тарихына байланысты болады: жол-көлік оқиғаларынсыз жүргізу кезінде құны төмендейді, ал сақтандыру жағдайлары болған кезде артады», – делінген хабарламада.

«М1» және «М2» санаттары алынып тасталмақ. Бұл санаттарды жалпы сақтанушылардың жалпы санының 0,001%-ынан аз үлесі ғана қолданады.

«Аталған түзету сақтандыру сыйлықақысының ең жоғары мөлшерін 30%-ға төмендетуге мүмкіндік береді», – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Жобада 4-тен 13-ке дейінгі санаттар бойынша «бонус-малус» коэффициенттерін өзектендіру ұсынылған. Осы өзгерістердің нәтижесінде сақтандыру сыйлықақысының орташа мәні қазіргі 23 870 теңгеден 28 130 теңгеге дейін ұлғаяды. Бұл шара жол апатынан зардап шеккендерге өтемақыларды уақтылы әрі толық көлемде төлеуге бағытталған.

«Маңызды жаңашылдық – жүргізушінің жеке тәуекелін бағалау мүмкіндігі. Сақтандыру ұйымдары бірыңғай сақтандыру дерекқорынан алынған деректер негізінде қосымша тәуекел факторларын ескере алады және "бонус-малус" коэффициентіне 10% шегінде жеңілдік немесе үстемеақы түрінде түзету енгізе алады. Бұл сақтандыру құнын айқындау кезінде жүргізушілердің жолдағы жүріс-тұрысын неғұрлым дәл ескеруге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Ең ұқыпты жүргізушілер үшін ерекше көтермелеу көзделген. Ең жоғары «13-санатта» 5 жылдан астам үздіксіз жүрген жеке тұлғалар үшін сақтандыру ұйымдары жеңілдіктерді қолдана алады.

Қазір оқып жатыр

Көрімдік берудің жаңа тәсілі: Aitu-да дәстүрге арналған аударымдар пайда болады

 Aitu

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы