USD
USD
USD

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Нәлібаев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі саласының сарапшысы болып бастаған.

Әр жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, Шиелі ауданының әкімі, Қызылорда облысы және Қызылорда қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2021-2022 жылдары премьер-министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болды.

2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысын басқарып келді.

Қазір оқып жатыр

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы