«Жынмен жыныстық қатынасқа түстім»: Аяла атты келіншек тылсым оқиғаға тап болғанын айтты

12 сәуір, 17:32
«Жынмен жыныстық қатынасқа түстім»: Аяла атты келіншек тылсым оқиғаға тап болғанын айтты
Фото: сaravan.kz

Аяла есімді келіншектің айтуынша, әлдеқандай тылсым күш, адам бейнесінде келіп, оған қол салады екен. Және бұл түсі емес, өңінде болатын жағдай екен. Азаматшаның айтқаны рас болса әлгі беймәлім бейне күні бүгінге дейін оған маза бермей келеді. Сонымен Аялаға аяусыз қол салып жүрген жын ба, елде елес пе, бәлки басқа дүние ме? Бұл туралы  Еуразия бірінші арнасы хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE.  "Ұйықтап жатқан кезде адам оянып кеткен сияқты боласың да, түсініксіз. Бір тылсым күш келеді де үстіңді басады. Ол мені қылқындырды да аяғымнан сүйреп. Мен басында ойлайтын едім, не болып жатыр деп түсінбейтін едім. Ал бірақ оның қылқындырып жатқанын, демалып тұрғанын соның бәрін сезетінмін", - дейд Аяла Әмірханова.

Аяла Әмірхановаға аямай әмірін жүргізіп отырған әлдеқандай күш бар. 3 жылға жуықтады, артынан бір елі қалмапты.

"Басқа үйге қонаққа барсам да келіп сондай болып тұратын. Түнгі уақытта келетін. Аяқтан сүйреп, көтеріп жатқан сияқты, одан қалса басында шешіндіргісі келетін сияқты болатын", - деді ол.

Бір ғана Аяла емес, тақілеттес оқиға тым көп. Мамандардың пікірі әр қилы. Психолог ол галюцинация дейді.

"Көбінесе адамның өмірінде стресстік жағдайлардың салдарынан көп ұзақ мерзім ұйықтамаған болса, бір айдың көлемінде, немесе кеш жатып ерте тұрып кететін ағзаның тәннің шаршауы салдарынан да туындайды", - дейді психолог Нұргүл Даубаева.

Психотерапевтің де айтуынша, Аяланың күнде көріп жүргені - елес, емделмесе бағынбайды еш белес.

"Өмірінде бір қиыншылық болып, тағдырына тиген қайғы-қасірет болатын болса, біреуінен айырылған болатын болса, сол кісілер келуі мүмкін", - дейді психиатр-дәрігер Алмагүл Айтжанова.

Галлюцинацияның бірнеше түрі бар. Әрі, шығу салдары мен себептері әр келкі.

"Балалар 5 жасқа дейін қиял-әлемінде өмір сүреді. Мир фантазийда. 6 жастан кейін сана қалыптасып бастайды. Бір арумен жұмыс істеген кезде, аяғымен дыбыс ести береді. Бала күнінде көп қорқытқан екен оны. Қазір сені бабай келіп алып кетеді, сені бүйтіп кетеді", - дейді психолог Нұргүл Даубаева.

Яғни бала күннен қалған жарақат есейгенде елес болып қайта келеді. Ал дініміз зәресін алып жүрген - жындар деп отыр.

"Негізі ол келу рас. Жындар ол шайтандар бар. Бірақ олардың жаратылыстары бізден өзгеше. Олар от пен түтіннен, біз топырақтан жаралған. Сол себепті, жын мен адамның ортасында шын
мәнінде физикалық қатынас болуы мүмкін емес. Шайтан адамның бойын емес, ойын билейді. Біз секілді ұрмайды, соқпайды, көгертпейді олар, адам санасымен ойнап, зиян беруге тырысады. Жел секілді олар. Адамға былай тікелей физический зиян бере алмайды олар. Тек қана адам санасымен ойнайды. Адам көзіне елестейді, әр түрлі дыбыстар сыбырлауы мүмкін", - дейді имам Данияр Байдуллаева.

"Бұрын күйеуім жанымнан тұрып кетсе бір бес минутқа дәретханаға шығады ғой, ол келіп мені басып тұрады, қылқындырып солай болатын", - дейді Аяла.

Яғни Аяланың айтып тұрғаны санасындағы арпалыс.

"Ер адам болса әйел бейнесінде келеді, сұлу әйел, қыз болса, сұлу жігіт бейнесінде келеді. Түсінде екеуінің арасында қарым-қатынас болады. бірақ тікелей келіп оны ер адам мен әйел адам қосылатындай қосылмайды олар негізі. Ондай нәрсеге бара алмайды. Егер де жын шайтандар үйреніп қалатын болса, ана адамға келе береді де көрдіңіз бе?!", - дейді имам Данияр Байдуллаева.

Күйі қашқан Аяла үйін де сатты. Басқа баспанаға барса да басындағы
жағдай кетпеді. Кейін молдаға дем де салдырды. Қазір сағаттап сүре, дұға оқиды.

"Қазір мазалауды қойды. Бірақ жатқан кезде дәретсіз жатсам және оң жақпен немесе сол жақпен дұрыс жатпасам, сондай уақытта болып тұрады, бірақ бұрынғыдай емес", - дейді Аяла.

"Әйелдер орамал тақпаса немес аш- жалаңаш жүрсе, күйеуге шықпаған қыздар ұзақ уақыт жалғыз қалса, азаматынан ажырасқан қыздарға осындай жындар әуес болады деген ақпарат бар", - дейді психолог маман.

Ғаламтордағы пікірлерді парақтасаңыз да, солай деген. Ал имам, оны жоққа шығарды. Жын адам талғамайды, уақыт таңдамайды.

"Ол жалғыз болсын, ажырасқан болсын, бойдақ болсын, отбасылы болсын, жынға шайтанға бір кісіге ойы түссе келе береді. Ол оған қарамайды негізі. Ол киімсіз болсын, киімде болсын, негізі жын шайтандар бізді көре береді ол, көре береді. Үйіңізде болсын, машинада боласыз ба немесе мешітте боласыз ба, әжетханада болдыңыз ба, душта болдыңыз ба, оларға бәрібір, көре береді", - дейді имам.

Елес болсын не болсын, күндіз күлкі түнде ұйқыдан айырған қорқыныштан құтылу үшін уақыт создырып алуға болмайды.

"Қорықпай мамандардан келу керек. Ұялудың қажеті тіпті жоқ. Өйткені ол одан бетер созылып кете беретін боса, онда ол жағдай күрт өзгеріп, қиын жағдайға келтіруі мүмкін", - дейді психиатр-дәрігер Алмагүл Айтжанова.