14 Қаңтар 10:22
...

ҰҚК Самат Әбіштің қайда екенін айтты

Фото:

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары С.Әбішке қатысты түсінік берді.

Алматы, NEGE. 43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Нұрсұлтан Назарбаевтың туысы болып келетін ведомствоның бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті сұраққа жауап берді. 

«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жыл сайынғы демалысында», – делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. 13 қаңтарда оның орынбасары Әнуар Садықұловтың ұсталғаны хабарланды.     

43 жастағы Самат Әбіш – Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Самат Әбіш ҰҚҚ бірінші орынбасары болып 2015 жылдан бері қызмет етеді. Генерал-лейтенант шені бар. 

Тегтер: