29 Наурыз 15:51

Pfizer-ді жаппай қолдануға Қайрат Боранбаевтың ұсталуы себеп пе?

Фото:

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан аумағында "Pfizer"-ді қолдану аясының кеңеюіне Қайрат Боранбаевтың ұсталуының қатысы бар-жоғын айтты.

Алматы, NEGE. "Pfizer" екпесін қазақстандықтардың жаппай салдыруына жол ашатын шешім шыққан болатын. Бұған Қайрат Боранбаевтың ұсталуы себеп болған жоқ па?", – деп сұрады БАҚ өкілдері Үкімет отырысынан кейін вице-премьер Ералы Тоғжановтан.

"Неге біреудің дүниесіне жабысамыз", - деп вице-премьер Pfizer вакцинасын салғызғысы келетіндерге ренжіді.

"Оның ешқандай қатысы жоқ. Ол азаматтың компаниясының айналасында (...) "Спутник" вакцинасына байланысты ғой. Сондықтан "Pfizer"-ге ешқандай байланысы жоқ. Бүгін бізде "Pfizer"-дің 2 миллионнан астам дозасы бар. Оны азаматтардың толықтай алуына мүмкіндігі бар. Онымен қоса бізде Қытайдың вакцинасы да жеткілікті. Әлі 2 миллионға жуық дозасы бар. Онымен қатар өзіміздің вакцина бар. Ай сайын 500 мың доза шығып жатыр. Сондықтан қазір азаматтарға үш түрлі вакцинаны алуға толықтай мүмкіндік беріп отырмыз", –  деді Ералы Тоғжанов.

Тегтер: