USD
USD
USD

Астанада аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды

30 желтоқсанда қаладағы А-108 көшесіндегі автобус аялдамасы жанынан өтіп бара жатқан адамдар сол маңда ес-түссіз жатқан ер адамды байқап қалған.

Криминальный Казахстан
Фото: Криминальный Казахстан

Астана, NEGE. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы ер адамның қайтыс болып кеткенін анықтаған.

Марқұмның денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде марқұмның көктайғақта тайып құлағаны жөнінде ақпарат тараған. Алайда қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Nege.kz мән-жайды білу үшін қалалық полиция департаментіне сауал жолдады.

Қазір оқып жатыр

Игорь Лепеха ішкі істер вице-министрі қызметінен кетті

Игорь Лепеха

Жолдау: инфрақұрылымдық жаңғыру және Қазақстанның транзиттік әлеуеті

Айсұлу Қоспанова

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқаратын болды

Ерсайын Нағаспаев

Қазақстандықтардың жеке деректері тарағаны рас па? Мәдиев жауап берді

Киберқылмыс