23 Қыркүйек 12:30

Павлодарлық бойжеткен 5 мың теңгеге мүшеқап сатып алған жігітті іздеп жатыр

Фото:

Павлодар тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің жоғалтып алған картасымен сауда жасаған жас жігітті табу үшін іздеу салды.  Жас жігіт 5 мың теңгеге толтырып мүшеқап сатып алған.

Алматы, NEGE. Дәріхананың кассасында түсірілген кадрда жігіттің төлемді банк картасымен төлегені анық көрінеді. Бозбала үлкен қораптағы мүшеқап сатып алады. Видеодағы басты кейіпкер кассада бөтен біреудің картасымен есеп айырысқан.

"Біреу менің картамды тауып алып, дәріханада 5000 теңгеге зат сатып алған, содан кейін дүкенге барып 1060 теңгеге, кейін 320 теңгеге сауда жасады. Ол менің ақшама мүшеқап сатып алған", – делінген видеоның сипаттамасында.

Әлеуметтік желі арқылы бойжеткен жас жігіттен ақшаны қайтаруды сұрады.

Павлодар облысының полиция департаменті картаның жоғалғаны туралы арызбен ешкім жүгінбегенін хабарлады.

Тегтер: