5 Қазан 18:55
...

Қылмыскердің анасы өлім жазасына келісті: 17 жастағы қыздың өлімінен кейін қырғыз халқы көтерілді

Скрин
Фото: видеодан скрин

Ыстықкөл облысында 17 жастағы Айсұлу Мұқашеваның жантүршігерлік өлімі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қырғызстанда өлім жазасын қайта енгізу мәселесін талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz  хабарлады.

Алматы, NEGE. Ел президенті Садыр Жапаров өлім жазасын енгізу мәселесі референдум арқылы шешілетінін мәлімдеді.

Айсұлу Мұқашева қыркүйектің 27-сі күні Жеті-Оғыз ауданының Барскоон ауылынан Қарақолға бара жатқан кезде жоғалып кеткен. Бейнебақылау камералары қыздың Honda Stream маркалы көлікке отырған сәтін тіркеген, көліктің рөлінде 41 жастағы ер адам болған.

Сол күні-ақ туыстары құқық қорғау органдарына арыз түсірген, ал іздеу жұмыстары үшін “қылмыскерді ұстау жоспары жарияланған.

Екі күннен кейін Айсұлуды денесі Шу облысының Кемин ауданына қарасты Боом шатқалынан табылды. Тергеу дерегінше, қылмыскер қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген, кейін денесін биіктіктен лақтырып, шөппен жауып жасырып қойған.

Ведомствоның мәліметінше, ер адамды бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтаған. Оның автокөлігі Бішкектегі теміржол вокзалы маңынан табылған, ал күдіктінің өзін астананың бір ықшамауданында ұсталды.

Тергеу барысында ер адам қылмыстан кейін көлігін жуып, Айсұлудың телефонын сатып, SIM-картасын лақытырып жібергені белгілі болды.

Сондай-ақ ұсталған ер адам бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

2016 жылы ол қылмыс жасауға оқталғаны үшін 12 жылға сотталған, алайда кейін Бішкек қалалық соты айыптауды жеңіл баптарға , атап айтқанда, “заңсыз бостандықтан айыру” және “денсаулыққа абайсызда ауыр зиян келтіру” баптарына ауыстырған. Салдарынан жаза мерзімі 7 жылға қысқарып, ол бұл мерзімді толық өтеген.

Serep.TV басылымы күдіктінің анасының видеосын жариялады. Ол марқұмның отбасына көңіл айтып, өз ұлына ең қатаң жаза тағайындауға келісті.

“Болған жағдайды естідік — сөзім жоқ. Қыз үшін қатты уайымдап отырмын, жүрегім ауырады. Ата-анасының ең ауыр жаза талап етуімен келісуден басқа амалым жоқ”, — деді әйел.

Айта кетейік, 17 жастағы Айсұлу биыл 27 қыркүйекте Ыстықкөлде жоғалып кеткен. Ол көрші ауылдағы құрбысына қонаққа кетіп, содан кейін байланыс үзілген. 29 қыркүйекте оның денесі Боом шатқалынан табылған. Оны өлтірді деген күдікпен 41 жастағы Бішкек тұрғыны ұсталды.

Тергеу кезінде ер адам қызды ұрлап, зорлағанын және өлтіргенін мойындады. Ол Айсұлудың денесін Ыстықкөлге көмгенін, алайда кейін қайта келіп, мәйітті қазып алып, Боом шатқалына тастағанын айтты.