USD
USD
USD

"Реал" шабуылшысы Мбаппе жарақат алды

Мадридтік "Реал" командасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания чемпионатының сегізінші турындағы "Вильярреалға" (3:1) қарсы матчта жарақат алды, деп хабарлады Sports24.kz сайты.

Мбаппе
Фото: instagram.com/K.MBAPPE

Алматы, NEGE. 25 жастағы футболшының тобық жарақаты анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы алаңдауға себеп болатындай ауыр емес, ойыншының хал-жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Клубтың медициналық штабының мәліметінше, Мбаппе жақын күндері Франция құрамасына қосылып, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтарға қатыса алады.

Француздар екі кездесу өткізеді:

  • 10 қазан – Әзербайжанға қарсы,
  • 13 қазан – Исландияға қарсы.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе биылғы маусымды өте жоғары деңгейде бастап, "Реал" сапында 10 матчта 14 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші