USD
USD
USD

Мысыр 6 қазанда Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөз өткізетінін жариялады

Мысыр 6 қазанда Израиль мен ХАМАС қозғалысы өкілдерінің келіссөздерін өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Каирдегі Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесуде Израильдік тұтқындар мен палестиналық сотталғандарды босату тетіктері талқыланбақ, деп жазады DW.

Мысыр
Фото: Мысыр СІМ

Алматы, NEGE. Мысыр тарапы келіссөздерге Израиль мен палестиналық ХАМАС ұйымының өкілдерін шақырып, оларды АҚШ президенті Дональд Трамптың бейбіт жоспары аясында өткізуге бастама көтерді.

Келіссөздер тікелей форматта өтпеуі мүмкін. Каир СІМ-нің хабарлауынша, бұл кездесу Трамптың Газадағы әскери қақтығыстарды тоқтату жоспарын ұсынғаннан кейін аймақта және халықаралық деңгейде қалыптасқан серпінді дамытудың бір бөлігі.

Кездесудің нақты өтетін орны әзірге белгісіз. Израильдің Ynet басылымы мен басқа да дереккөздердің хабарлауынша, келіссөздер Шарм-эш-Шейхте, ал CNN Arabic Каирде өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ақпаратқа сәйкес, Израиль делегациясын стратегиялық жоспарлау министрі және премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың сенімді өкілі Рон Дермер басқарады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ХАМАС қозғалысы «Трамп ұсынған айырбас формуласы» бойынша Израильге тірі қалған тұтқындарды және қаза тапқандардың денелерін беруге келісетінін мәлімдеген болатын, егер айырбас жасау үшін қажетті жағдайлар жасалса.

— Қозғалыс делдалдар арқылы осы келісімнің егжей-тегжейін талқылау үшін келіссөздерді дереу бастауға дайын екенін растайды, — делінген ХАМАС мәлімдемесінде.

Сонымен қатар ұйым Газаны басқаруды палестиналық ұлттық консенсусқа негізделген және араб-ислам елдерінің қолдауына ие тәуелсіз органға беруге дайын екенін хабарлады. Алайда, қозғалыс қаруды тапсыру мәселесін қозғамады.

ХАМАС басшылары Қатарда АҚШ жоспарының кейбір шарттарын қайта қарауды талап етіп отыр.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израильге Газадағы әуе шабуылдарын тоқтатуға шақырған болатын. Осыдан кейін Израильдің саяси басшылығы әскери қимылдарды қысқарту туралы нұсқау бергені хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс