USD
USD
USD

Қазақстанда 35 млн тонна мал азығы дайындалды

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда. 

Шөп
Фото: Pixabay

Алматы, NEGE. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 24,7 млн тонна шөп (жоспардың 100,9%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (108,6%), 2,7 млн тонна құрамажем (48,9%), 1,8 млн тонна сабан (88,0%), 3,7 млн тонна сүрлем (79,6%) дайындалды.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125, 2%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), сондай-ақ Жетісу облысында (104,5%) жоспар орындалғаны байқалады.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік