17 Қазан 12:09
...

Қан сұйылтатын дәрілер неге қымбат?

Фото:

Бәсекелестікті қорғау және реттеу агенттігі дәрі дәрмек пен медициналық бұйымдар бағасын реттеудің үш жолын ұсынып отыр. 

Алматы, NEGE. Қазақстандағы ПТР-тест жасауға мүмкіндігі бар мекемелердің әлеуеті бір тәулікте 43 мың сынаманы зерттеуге қауқарлы. Бәсекелестікті қорғау және реттеу агенттігі осы әлеуеттің пандемия кезеңінде толық пайдаланылмағанына алаңдаулы. Құзырлы орган өкілдеріне ПТР-тест нарығында санаулы ғана ойыншының үстемдік орнатып алуы да ұнамай отыр. Агенттік төрағасы Серік Жұманғарин әлемде пандемия қайта өрши бастаған кезде мұндай түсініксіздіктер болмауы керек деп есептейді. «ПТР-тест нарығында «Олимп», Ұлттық сараптама орталығы, іnvivo және бірнеше ұсақ компания жұмыс істейді. Елдегі 34 зертхананы қосқанда бұлардың барлығының қуаты тәулігіне 43 мың зерттеу жүргізуге жетеді. Бірақ біз қазір 18 мың зерттеу ғана жүргізіп отырмыз. Яғни, тек 40 пайыздай ғана қуатты пайдаланамыз. Бұл әжептәуір алаңдататын мәселе. «Олимп» нарықтағы үстем орында тұр. Үш бірдей ірі ойыншы болғандықтан, олгополиялық нарық қалыптасқан деуге болады», - дейді ол. Артық пайда көргендер айыппұл арқалауы мүмкін Елімізде эпидемиологиялық жағдай ушыққан кезде нарықтағы үш негізгі ойыншының біреуі бағаны тұрақты ұстап, қалған екеуінің бірнеше рет құбылтуы агенттіктің күдігін туғызса керек. «Ұлттық сараптама орталығы сәуір айынан бері бағаны 11500 теңге мөлшерінде тұрақты ұстап келеді. Қазір «Олимптің» бағасы 12320 теңге болса, іnvivo 15000 деп қойған.

Ал жазда бір ПТР-тестің бағасы 18500 теңгеден асқанын білесіз. Осы бағалардың қалай қалыптасқанын сұрағанымызда үш қатысушының деректері бір-бірінен мүлде алшақ болып шықты. Бірінде шикізат пен материал шығыны елеулі болса, екіншісінде жұмысшылардың ебңекақысы, үшіншісінде қызметкерлерге арналған киім мен қорғаныш заттарына көп шығын жұмсалған. Біз әзірге бұл ұйымдардың бухгалтериясна кірген жоқпыз. Ресми түрде тергеу бастағанша олай істеуге құқымыз жоқ. Сырттай бағалаудың өзінде бұрмалаулар бар екені көрініп тұр», - дейді агенттік төрағасы.

Ресей нарығында біздегіден арзан дүние маска ғана емес екен. Індет өршіген кезде ел майшаммен іздеген қан сұйылтатын препараттар да көршімізде біздегіден әлдеқайда арзанға сатылуда. Зерттеуге алынған 10-нан астам дәрінің ішінде тек бір препараттың ғана біздегі бағасы Ресейдегімен шамалас. Қалған дәрілердің бәрі көрші елдегіден айтарлықтай қымбат. Серік Жұманғарин мұны бағаны реттеу саясатындағы ерекшеліктермен байланыстырады. «Қазақстанда да, Ресейде де толайым бағаның шегі бекітілген. Қазақстанда да шекті бөлшек баға бар, Ресейде де солай. Мысалға «Тромбо АСС» дәрісін алайық. Бізде бөлшек баға 630 теңге, Ресейде 189,9 теңге. Немесе «Ксарелтаны» алайық. Екі елдегі бөлшек бағаның айырмашылығы жер мен көктей. Бөлшек бағаның шегін Ресей 22 мың теңге деп көрсетсе, бізде 46 мың теңге белгіленген», - дейді агенттік төрағасы. Оның айтуынша, Ресей де, Қазақстан да дәрі бағасын салыстыра отырып белгілеу үшін референт елдердің тізімі жасалған. Қазақстан сол елдердегі бағалардан орташа бағаны есептеп, шек етіп алатын көрінеді. Ал Ресей тізімдегі ең төменгі бағаны шек етіп бекіткен.

Бірақ бұл жерде Ресейдің нарығы ауқымды, коммерция үшін тартымды екенін ескеруіміз керек. Біздің нарық шағын. Сондықтан, өндірушіні қызықтыру үшін пандемия кезінде осындай баға қойылған болуы мүмкін. Бірақ сонда да бірнеше есе қымбат болмауы керек қой. Тағы бір қателік, бізде бағаны белгілеу кезінде маркетингтік шығындар ескеріледі. Ресей одан бас тартқан. Шешеуніктердің арасында жазылмаған «алтын заң» бар. Мемлекет өкілі ешқашан тауардың өзіндік құнына бас сұқпауы керек. Өйткені өндіруші тиімді өзіндік құнды бекіттіру үшін барын салады. Денсаулық министрімен сөйлестік. Осы тәсілді сәл де болсын түзету жұмыстары жүріп жатыр», - дейді ол.

Тегтер: