USD
USD
USD

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы канадалық клубты жеңді

Ел құрамасы Швециямен 27, Чехиямен 28, Словакиямен 30, Швейцариямен 31 желтоқсанда шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындық барысында екі жолдастық кездесу өткізді. 

Қазақстандық хоккейшілер Канадада жергілікті "Хоксбери Хокс" клубын 8:1 есебімен жеңсе, тағы бір кездесуде Германияға 0:4 есебімен жол берді.

Дүбірлі дода 2024 жылдың 25 желтоқсаны мен 2025 жылдың 5 қаңтары аралығында Канадада өткізіледі. Қазақстандық хоккейшілер Оттава қаласында B тобында Чехия, Словакия, Швейцария және Швециямен шеберлік байқасады.

Қазақстан жастар құрамасының тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Владимир Никитин (екеуі – "Снежные барсы", МХЛ), Данил Лыткин ("Барыс U18")

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Санжар Ибрагим, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев, Мстислав Шипилин (барлығы – "Снежные барсы", МХЛ), Данила Беляков ("Торпедо", Өскемен), Бейбарыс Оразов ("Барыс", КХЛ)

Шабуылшылар: Абзал Әлібек ("Филадельфия Ребелс", NAHL), Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Никита Ситников (барлығы – "Снежные барсы", МХЛ), Александр Ким ("Бисмарк Бобкэтс", NAHL), Давлат Нұркенов ("Эссят U20", U20 SM-sarja), NAHL), Егор Левковец (МХК "Барыс"), Асанали Саркенов (Спокан Чифс, WHL), Семен Симонов ("Барыс").

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция