21 Желтоқсан 12:08

Экологтар: Қазақстанда пластика қалдықтарын қайта өңдеу туралы заң керек

Фото:

Экологтар ел үкіметіне және Экология министрлігіне Қазақстанда тұрмыстық пластика қалдықтарын қайта өңдеу туралы алғашқы заңды әзірлеу және қабылдау туралы қаулы жіберді. Олар зиянды пластиктерді ұқсас материалдармен алмастырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін заңнамалық деңгейде реттеу керек деп есептейді.

Қаулы «Қазақстанның пластикалық қалдықтармен ластануы және Экология министрлігінің саясаты» атты ғылыми-экологиялық форумында қабылданды.  Іс-шараға әкімдіктердің, Экология министрлігінің өкілдері, ТМД елдері мен АҚШ-тың эколог-сарапшылары мен ғалым мамандары қатысты.

Тұңғыш Президент қорының қолдауымен қазақстандық экологтардың атынан «JASYL ARYSTAN» қоры, «Оператор РОП» ЖШС, тәжірибелі экологтардың қауымдастығы, «Ангел» қоғамдық бірлестігі қатысты.

Авторлардың пікірінше, бүгінде қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар пластикалық қалдықтармен ластану мәселелеріне назар аударып отырған жоқ. Дегенмен, бұл әлемдегі басты экологиялық проблемалардың бірі. Әлемдік проблемадан Қазақстанның тыс қалуы мүмкін емес.

Ғасыр өтсе де ыдырамайтын материалдарды пайдалану, жинақтау мәдениетін қалыптастыруды Заңнамалық деңгейде бастау қажет.

- Бұл Заң пластикалық қалдықтарды жинау, өңдеу жүйесін нығайтып қана қоймас еді, - дейді «Жасыл Арыстан» қорының жетекшісі Гүлнар Ережепова.

«Заң жобасы аясында жергілікті атқарушы органдарға және олардың басшыларына өз аумағындағы қоршаған ортаны тұрмыстық пластика қалдықтарымен ластағаны үшін айыппұл салу жүйесін белгілейді. Сонымен қатар, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге, сондай-ақ қайта пайдалануға болмайтын қалдықтарды шығаруға арналған нормативтік талаптарды енгізу қажет. Өкінішке қарай, жаңа экологиялық кодексте бұл туралы ештеңе айтылмаған. Зиянды пластмасса қалдықтарынан және қоршаған ортаны ластайтын ұқсас материалдардан жасалған бұйымдарды пайдаланғаны үшін кәсіпкерлерге арнайы салық та салынбаған». 

Сонымен қатар, экологтар жаңа Заң жобасын әзірлеу кезінде келесі стандарттарды тағайындауды ұсынып отыр.

- Ұзақ уақыт ыдырамайтын пластмассадан және қоршаған ортаны ластайтын осыған ұқсас материалдардан жасалған бұйымдарды пайдаланғаны үшін кәсіпкерлерге арнайы салық енгізу.

- Тұрмыстық және өндірістік қалдықтар мен полигондардың жай-күйі үшін жеке жауап беретін жергілікті атқарушы органдардың және олардың бірінші басшыларының жұмыс істеу мерзіміне қарамастан жауапкершілігін белгілеу.

- Қазақстан Республикасында тек Ішкі істер министрлігіне ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдарға да есеп беретін экологиялық полиция құру, сондай-ақ Қылмыстық кодекске қоршаған ортаны пластикалық қалдықтармен және сол сияқты материалдармен ластағаны үшін жазаға тартатын баптар енгізу.

- Тұтыну өнімдеріне де, шығыс материалдарына да қойылатын талаптарды қарайтын жалпыұлттық стандартты әзірлеу және енгізу.

- Жүйелі экологиялық білім беруді дамыту, пластиктің зияны және оның адам денсаулығына әсері туралы халықты кеңінен ақпараттандырып, еріктілерді жұмылдыру. 

- Орталық атқарушы органдарда және облыстық әкімдіктерде экологиялық талаптарға сәйкес келетін тауарлар мен қызметтерді сатып алу.

Осы талаптарға сәйкес мемлекет жауапты тұлғаларға қолдау көрсетіп, қоршаған ортаны қорғаумен айналысады. Сонымен қатар, бір реттік пластикалық тауарларды өндіру мен пайдалануды азайтып, қайта өңдеу жүйесін дамытуға бағытталған жаңа тәсіл қажет. Полиэтилен мен пластмассаны тұтынуды біртіндеп азайту бағдарламасын да әзірлеу ұсынылаы.

Ең бастысы мәселе - қоқысты өртеу мәселесін шешу керек. Өйткені әлем елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, өртеудің экологиялық әдіске жатпайтынын мойындау керек. Зиянды заттармен шығатын түтін адам денсаулығына кері әсер етеді.

Қаулы авторларының айтуынша, олар тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу туралы заң құру идеясын ұсынып қана қоймай, сонымен бірге құжатты әзірлеуге белсенді қатысуға дайын.

Тегтер: