USD
USD
USD

Швейцарияда никаб киюге заңмен тыйым салынды

1 қаңтардан бастап Швейцарияда "паранжаға тыйым" деп аталатын заң күшіне енді.

Паранжа
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Швейцария Еуропаның басқа бес еліне, соның ішінде осындай тыйымды күшіне енгізген көрші Франция мен Австрияға қосылды.

Тыйым тәртібін бұзғандарға 1000 швейцариялық франкке дейін (шамамен 1143 доллар) айыппұл салынады.

Заңдағы ерекшеліктің бірі – қауіпсіздік, ауа-райы немесе денсаулық жағдайы үшін бетті жабуға қатысты болады. Бетті жабуға сондай-ақ өнер және ойын-сауық орындарында және жарнамада рұқсат етіледі.

Бұған дейін француз мемлекеттік мектептерінде бүкіл денесін жауып тұратын дәстүрлі мұсылман көйлегін киюге тыйым салынғаны хабарланған болатын.

Бұған дейін Германияның Баден-Вюртемберг федералды штатының билігі мектептерде бетін толығымен жабатын паранжа немесе никаб киюге тыйым салуға келісті.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар