USD
USD
USD

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының бірінші дивизионына түсіп қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Германиямен кездесті.

Хоккей
Фото: ҚХФ

Алматы, NEGE. Қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 4-минутында Асанәлі Русланұлы көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай германиялық Максим Шефер есепті теңестірді.

Ал 17-минутта қазақстандық Никита Ситников қайтадан ұлттық құраманы алға шығарса, екінші кезеңнің 22-минутында Артур Гросс басымдықты арттыра түсті.

Қарсыластар сапынан Максим Шефер 23, Эдвин Тропман 24- минутта қос гол соғып, таразы басын теңестірді.

Ойынның 44-минутында Юлиус Зумпф соққан шайба Германияға жеңіс алып келді.

Осылайша Қазақстан жастары қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп, бірінші дивизионға түсіп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жастар құрамасы жоғары дивизионда тоғыз мәрте бақ сынады. 1999 жылы алтыншы орынға тұрақтады. Әзірге бұл ұлттық құраманың ең үздік көрсеткіші.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат