11 Қыркүйек 10:50

Депутат Бақытжан Базарбектің баласының арбасын өртеп жіберді деген күдікті ұсталды

Фото:

Алматы полицейлері мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің баласының арбасын өртеп жіберген күдіктіні ұстады.

Алматы, NEGE. «Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Б. есімді азамат ұсталды», - делінген хабарламада. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр. 

Тегтер: