USD
USD
USD

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, бірнеше үй газсыз қалды

Ақтөбе қаласы Алтын орда шағын ауданында 8 тұрғын үй кешені газсыз қалды. Мас күйінде көлік жүргізген әйел шұңқырға түсіп кетіп, құбырды зақымдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Көлік
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиға бүгін сағат таңғы 06:30 шамасында болды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Mercedes маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі жол құрылысы кезінде қазылған шұңқырға түсіп кеткен.

«Жүргізуші әйел мас болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол зардап шекпеді. Қазіргі кезде хаттама толтырылып, іс шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жіберілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 тұрғын үй, оның ішінде 560 пәтер газсыз қалды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек