USD
USD
USD

Суицидке итермелейтін Telegram-арна анықталды

Алматы қалалық прокуратурасы адамды өзін-өзі өлтіруге  итермелейтін Telegram арнаны бұғаттады.

Telegram, телеграм
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Тексеру барысында аталған арнаның 67 жазылушысы әкімшіден суицидке итермелейтін тапсырмалар алғаны анықталды.

2024 жылы 23 қыркүйекте сот, Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды.

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Бас Прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары өзін-өзі өлтіруге итермелейтін контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank