USD
USD
USD

Ақтауда дзюдодан Азия кубогы өтеді

12-13 қазан күндері Ақтауда дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азияның ашық кубогы өтпек. Аталған турнир Халықаралық дзюдо федерациясының спорт кестесіне енген.

Дзюдо
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Әзербайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық спортшы қатысады.

Халықаралық дзюдо федерациясының ережелері бойынша рейтингтік саналатын турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірінші орын үшін 100 ұпай, екіншіге 70 ұпай, ал үшінші орынға 50 ұпай алады.

Төменде жарыстар кестесі ұсынылған:

12 қазан

Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг

Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг

10:00 — жарыстардың басталуы

16:30 — ресми ашылу рәсімі

17:00 — финалдар

13 қазан

Ерлер: -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг

Әйелдер: -70 кг, -78 кг, +78 кг

10:00 — жекпе-жектердің басталуы

17:00 — финал жекпе-жектері

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.