22 Сәуір 18:23
...

Бұрынғы депутаттың ұлы НЕГЕ өзіне қол салды?

Фото:

Бүгін түс ауа тұрақты оқырманымыздан шұғыл хабар жетті. Оның айтуынша, кеше Нұр-Сұлтандағы ауруханалардың бірінде сол мекемеде жұмыс істейтін жауапты қызметкер өзіне-өзі қол салған. Ол – бұрынғы депутаттың жалғыз ұлы көрінеді...

«Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық аурухананың заң бөлімінің басшысы өз кабинетін іштен құлыптап алып, өзіне-өзі қол салған. Куәгерлердің айтуынша, ол қандауырмен мойын күре тамырын бірнеше мәрте кеспек болған. Алайда аурухана қызметкерлері оған дер кезінде көмек көрсетіп, аман алып қалыпты. Қазір ол жан сақтау бөлімінде жатыр.

Білетіндердің сөзіне қарағанда, өзіне-өзі қол салған азаматтың аты-жөні – Еркебұлан Алданұлы Смайыл...», – деді тұрақты оқырманымыз.

Егер ауруханада өзіне қол салған азаматтың аты-жөні шынымен де Еркебұлан Алданұлы Смайыл болса, онда ол Мәжілістің бұрынғы депутаты Алдан Зейноллаұлы Смайылдың жалғыз ұлы болуы әбден мүмкін.

Өйткені, бұрынғы депутаттың өмірбаяны туралы Википедия бүй дейді: «...Үйленген. Жұбайы – Саухат Жұмагүл Берденқызы. Ұлы – Смайыл Еркебұлан Алданұлы (1972 жылы туған)».

Тұрақты оқырманымыздың сөзіне қарағанда, оны өзіне қол салуға итермелеген жағдайлар мен себептер әзірге анықталған жоқ. Полицияға да хабар түспеген болуы мүмкін.

Тілшіміз Алдан Смайылға хабарласып, мән-жайды сұраған. Алайда Алдан Зейноллаұлы тілшінің сұрағына ашулы жауап берді.

Алдан Смайыл. Фото: astana-akshamy.kz

– Алдан Зейноллаұлы, сіздің Еркебұлан деген ұлыңыз бар ма?

– Иә.

– Ұлыңыз Нұр-Сұлтандағы №2 ауруханада жұмыс істей ме?

– Иә.

– Ұлыңыз қазір қайда? Жұмыста ма? Қандай да бір жайсыз жағдайға ұрынған жоқ па?

– Оны жай сұрап отырсың ба? Оның саған қажеті қанша?

– Мен журналистпін. Оқиғаның мән-жайын анықтауым керек.

– Сен не үшін анықтайсың? Керегі не? Мені бірдеңе қылу үшін бе? Менің семьямда не болып жатқанының қажеті қанша саған? Оның бәрін індетуге, зерттеуге кім право берді? Біреудің үй ішінде не ақыларың бар?

Әр нәрсенің өзінің жөні болады. Жерді сатып жатқан, елді сатып жатқандарды айналдырсаңдаршы. Ел, жер деп жүрген мені қайтесіңдер?!

P.S. Тілшіміз Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан, №2 көпбейінді аурухананың басшылығынан түсініктеме алуға тырысқан. Алайда ол мүмкін болмады. Құзырлы органдар әзірге тым-тырыс.

Ал Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға туралы білмейтін болып шықты. Бірақ мән-жай анықталған соң тілшімізді хабардар етуге уәде берді 

Тегтер: