USD
USD
USD

Қостанай облысында ауа райына байланысты 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды

Қарлы боран мен көктайғақтың салдарынан Қостанай облысында жол жабылды. Шектеулер төрт облыстық және екі республикалық маңызы бар жолда енгізілді.

Қостанай
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта Октябрь кенті мен Әулиекөл арасындағы автожолда Ақмола облысынан келе жатқан фуралар, Камаздар, Газельдер мен автобустарды қоса алғанда 174 ауыр жүк көлігі тұрып қалған.

Мәселен, полиция қызметкерлері Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан автобусты тоқтатты. Салонда 4 бала, 5 әйел және 42 ер адам болды. Ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы қауіпті болып, жолаушылар жергілікті мектептің жылыту пунктіне орналастырылып, оларды сусынмен, тамақпен және түнейтін орынмен қамтамасыз етті.

Блокпосттардағы жол қауіпсіздігін патрульдік полицейлер, ТЖД, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қызметкерлері және жергілікті билік қадағалап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті