Референдум Референдум
USD
USD
USD

Енді жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге айыппұл салынады

Қазақстанда жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

жедел
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Наурыз айынан бастап жол жүру ережелеріне өзгеріс енгізіледі. Мысалы, жүріп келе жатқан көліктен басын шығарғандар 40 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды.

Мүгедектігі бар жүргізушілердің қарама-қарсы жолаққа шығуы – 30 АЕК (118 мың теңге). Бұрын мұндай жаза қарастырылмаған. Теміржол өткелінен өту ережесін бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін өсті. Жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендер үшін жаза үш есеге өсті – 7 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, қайталанған жағдайда – 40 АЕК. Жол-көлік оқиғасына (ЖКО) себепші болып, қарама-қарсы жолаққа шыққан жүргізушілер бұрын 6 айға құқығынан айырылса, енді 9 айға айырылатын болды.

Сонымен қатар 13 наурыздан бастап тұрақ ақысын төлемегендер үшін айыппұл 3 АЕК-тен 1 АЕК-ке дейін төмендейді. 

Дегенмен заңда жұмсартылған тұстар да бар. Мәселен, жол-көлік апатында кінәлі жүргізуші, ешкімнің өліміне себепкер болмаса, бұған дейін жүргізуші куәлігінен жарты жылға дейін айырылатын болса, енді 80 мың теңге айыппұл төлеп, жазадан құтыла алады.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов