Бір топ жігіт жабылып ұрған 20 жастағы жігіт өзіне қол салды

17 қыркүйек, 13:37
Бір топ жігіт жабылып ұрған 20 жастағы жігіт өзіне қол салды
Фото: ғаламтордан

Полиция орын алған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Алматы, NEGE. Марқұмның туыстарының айтуынша, Әлішер 11 қыркүйек күні достарымен жүрген уақытта басқа топтың бір жігітімен ерегісіп қалады. Кейіннен олар тарап кетеді.

"Алайда бұл оның Э. М., М. Ф., Д. С., К. В. есімді сегіз достарына ұнамай қалады. Олар Әлішерді қуып жетіп, жабылып соққының астына алады. Ал Әлішердің достары қорыққанынан оны тастап қашып кеткен. Үйге келген Әлішер бұл жағдайды көтере алмай, өзіне өзі қол жұмсады. Біз полицияға хабарластық. Біздің тек бір ғана қалауымыз бар, ол – кінәлілер өз істері үшін заң алдында жауап берсін. Әлішермен сол түні бірге болғандар оны қалай ұрып, мазақ еткені туралы айтып берді. Бірақ төнген қауіптен кейін олар өз айтқандарынан бас тартты", – дейді баланың туыстары.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі қылмыстық істің оқиға орын алған күні басталғаны туралы айтты.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 1-бөлігінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде", – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.