10 Қазан 14:22
...

Алматыда еліміздің және шетелдің педиатрлары бас қосты

Фото:
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының сәби денсаулығын, бала амандығын басты назарға алып отырғанына биыл –​

 90 жыл. 6-7 қазан күндері Алматыда Балалар жылы аясында Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 90 жылдығына арналған  «Қазақстан педиатриясы: өткені мен бүгіні және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

        Клиникада жылына жаңа туған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі Қазақстанның барлық өңірлерінен 6000-нан астам бала ем алады. Балалар денсаулығын сақтау мен нығайту, балаларға сапалы медициналы қызмет көрсетуді ұйымдастыру, балаларды емдеу мен диагностикалаудағы өзекті меселелерін талқылау,  еліміздегі педиатрия қызметін жақсарту мақсатында өткен іс-шараға Қазақстанның барлық аймақтарынан және  Беларусь, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия, Украина, Чехия елдерінің педиатрлары мен балалар хирургтары, ғылыми институттардың жетекші мамандары мен басшылары, сондай-ақ медициналық ЖОО профессорлары қатысты. Офлайн және онлайн форматында өкен конференция жұмысына жалпы 4 мыңнан аса балалар дәрігерлері қатысып, тәжірибе алмасты.     

         Халықаралық конференция Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің,  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры Марат Шорановтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрағасы Абай Құсайыновтың алғы құттықтау сөзімен ашылды.

         Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник өзінің құттықтау сөзінде денсаулық сақтау министрлігінің балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды бастамаларын атап өтіп, Педиатрия орталығын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

 

         «Тұқым қуалайтын аурулар мен туа біткен даму ақауларын ерте анықтау мақсатында елде жүкті әйелдер мен балаларға скринингтік зерттеулер жүргізіледі. Жыл сайын 400,0 мыңнан астам жүкті және 1,6 миллионнан астам бала скринингпен қамтылды. 18 құрсақтағы нәрестені қорғау орталығы құрылып, 1,5 мыңнан астам балану дамыту кабинеті ашылды. Қазақстанда туа біткен ауытқуларды хирургиялық түзетудің инновациялық шағын инвазивті әдістері сәтті қолданылып келеді. Жыл сайын туа біткен ақаулары бар жаңа туған нәрестелерге 1,5 мыңнан астам хирургиялық араласу жүргізіледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша жедел емдеу тиімділігі 85,0% - дан асады. Бүгінгі таңда балалар кардиохирургиясы мен интервенциялық кардиологиясы табысты дамып келеді. Жыл сайын Қазақстан Республикасында туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға 3 және 4 күрделілік деңгейі бар 2500-ден астам хирургиялық оталар жасалады. Полихимиотерапияның, гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялаудың, интравитреальді химиотерапияның, ағзаны сақтайтын хирургиялық араласудың заманауи бағдарламаларын енгізу Қазақстанда қатерлі ісіктері бар балалардың жалпы өмір сүру деңгейін 74,6%-ға дейін арттыруға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік берді», – деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі В.Дудник.

         С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры Марат Шоранов: «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының 90 жылдық мерейтойы Балалар жылымен тұспа-тұс келуі қуантады. Осы жылдар ішінде орталық соңғы медициналық технологияларды меңгеріп, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың заманауи әдістерін енгізді, елімізге болашақтарынан үміт күтетін мықты жас мамандарды тәрбиеледі. Кәсіпке деген адалдықтарыңыз бен мейірімділіктеріңізге, дүниедегі ең үлкен құндылық – адам денсаулығы мен бала өмірін сақтауға қосып жатқан жатқан сүбелі үлестеріңізге алғыс айтқым келеді. Осындай бай тәжірибе, клиникада кеңінен қолданылатын заманауи медициналық технологиялар, әрине, ұжымның жоғары кәсібилігі -  орталықтың табысты, жемісті жұмысының кепілі болып табылады», – деп атап өтті. 

         Екі күнге бойы өткен халықаралық конференция «Педиатрия және неонатологияның өзекті мәселелері», «Балалар хирургиясы: бағыттары мен заманауи әдістері», «Орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи мәселелері», «Онкологиялық және гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары»,  «Патологоанатомиялық  диагностиканың өзекті мәселелері», «Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы мейіргерлер рөлі» атты  секциялық жұмыс тақырыптары аясында өтті. Конференция барысында клиниканың тарихы мен бүгіні баяндалатын «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына-90 жыл» атты фильм көрсетілді.

Тегтер: