USD
USD
USD

Қашаған операторына салынған 2,35 трлн теңге айыппұлды өндіру басталды

Қазақстанда Қашаған кен орнын игеретін North Caspian Operating Company компаниясының филиалына қатысты 2,35 трлн теңгеге атқарушылық іс қозғалды.

кен орны
Фото: Ncoc.kz

Астана, NEGE. Әділет министрлігінің борышкерлер тізіліміндегі мәліметке сәйкес, іс 2026 жылғы 21 шілдеде ашылған. Атқарушылық құжатты Атырау облысының Экология департаменті берген, ал өндіріп алушы ретінде мемлекет көрсетілген.

NCOC филиалының берешегі 2 356 293 268 036 теңгені құрайды. Қазір іс Атырау облысы Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің қарауында.

Компанияға экологиялық айыппұл күкіртті сақтау талаптарын бұзғаны үшін салынған. Оның заңдылығын Қазақстан соттары растады.

NCOC халықаралық UNCITRAL арбитражы Қазақстан билігіне айыппұлды өндіріп алуға уақытша тыйым салғанын мәлімдеген. Алайда Әділет министрлігі арбитраждың қамтамасыз ету шарасы жергілікті сот шешімін орындауға кедергі келтірмейтінін түсіндірді.

Ведомство айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі 20 шілдеде аяқталатынын ескерткен еді. Осыдан кейін мемлекет соманы мәжбүрлеп өндіруге кірісті.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер