USD
USD
USD

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибига Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату туралы ұсынысын қолдады.

.
Фото: Андрей Сибига

Астана, NEGE. Сибига Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путинге соғысты тоқтататын уақыт келгенін айтқаны үшін алғыс білдірді.

«Президент Тоқаевтың Путинге соғысты тоқтататын уақыт келгенін айтқанын жоғары бағалаймыз. Бұл – нақты, уақтылы әрі парасатты үндеу», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Украина министрінің айтуынша, Киев қазіргі майдан шебі бойында соғыс қимылдарын тоқтатып, мәселені дипломатиялық жолмен шешуді ұсынған. Алайда Мәскеу бұл ұсынысты әлі де қабылдамай отыр.

«Мәскеу бейбітшілікке қатысты нақты ұсыныстарды қабылдауы үшін оған қысымды күшейту қажет», – деді Украина СІМ басшысы.

25 шілдеде Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумында Тоқаев Украинадағы соғысты уақытша тоқтатып, «Ыстанбұл формуласы 2.0» негізінде келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Қазақстан президенті өзінің бұл мәселеде араағайын болмайтынын да атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер