USD
USD
USD

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

25 шілдеде Қазақстанның орман қоры аумағында үш өрт тіркелді. Оның екеуі «Бурабай» ұлттық паркінде, тағы бірі «Семей орманы» резерватында болды.

.
Фото: Экология министрлігі

Астана, NEGE. Экология министрлігінің мәліметінше, Бурабайдағы өрттерді сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің Ми-8 тікұшағы тартылды. Оқиға орнында ұлттық парк кызметкерлері мен әуе десантшылары жұмыс істеді. Олардың жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа уақытта оқшауланды.

Ал «Семей орманы» резерватындағы шағын өрт найзағай салдарынан шыққан. Өрт ошағы қысқа мерзімде толық сөндірілді.

Мамандар өрт қаупі жоғары кезеңде табиғат аясында демалғысы келетін адамдарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram