USD
USD
USD

Тимур Турлов FIDE президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті қызметіне өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.

Тимур Турлов
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы

Астана, NEGE. Бұған дейін Турлов Аркадий Дворковичтің командасында FIDE президентінің орынбасары қызметіне сайлауға түсуді жоспарлаған. Алайда Дворкович Еуропалық одақтың санкциялар тізіміне енгізілгеннен кейін өз өкілеттігін уақытша тоқтатты. Қазір оның міндетін шахматтан әлемнің бес дүркін чемпионы Вишванатан Ананд атқарып жатыр.

Турловтың айтуынша, жағдай өзгерген соң ол Қазақстан шахмат федерациясындағы әріптестерімен және шетелдік серіктестерімен кеңескен.

«FIDE президенті қызметіне өз кандидатурамды ұсынуға шешім қабылдадым. Кез келген жобаға қатысу – жағдай талап еткен кезде үлкен жауапкершілікті мойныңа алуға дайын болуды білдіреді. Сондықтан жағдай өзгергенде шешім бірден қабылданды», – деді ол «Курсивке» берген сұхбатында.

Турловтың сайлауалды бағдарламасы үш негізгі бағыттан тұрады. Олар – шахматты цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу, мектептерде шахматты дамыту, сондай-ақ ұлттық федерациялардың қаржылық тұрақтылығын нығайту.

Турлов өз командасында FIDE президентінің орынбасары қызметіне Вишванатан Анандты ұсынатынын айтты. FIDE ережесіне сәйкес, президент пен оның орынбасары сайлауға бірлескен тізіммен қатысады.

FIDE басшылығын сайлау 26–27 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін ұйымның Бас ассамблеясы аясында өтеді. 

Қазір оқып жатыр

Ресей депутаты мигранттарды отбасымен бірге депортациялауды ұсынды

.

6 жасар балада С гепатиті анықталып, Алматы облысында тексеру басталды

С гепатиті

Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге бес матч өткізеді

Дастан Сәтпаев

​Астанада ер адам көлік иесінің көз алдында Valentino сөмкесін ұрлап кеткен

.