USD
USD
USD

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

Маңғыстаудағы бес жартас мешіті мен оларға байланысты киелі орындар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді.

.
Фото: СІМ

Астана, NEGE. Бұл шешім 25 шілдеде Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды.

ЮНЕСКО-ның жаңа нысанының құрамына Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан үпі жартас мешіттері енді.

Маңғыстаудың жартас мешіттерін Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу жұмысын жүргізуді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы наурызда Атырауда өткен Ұлттық құрылтай отырысында тапсырған.

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Маңғыстаудың киелі орындарының ЮНЕСКО тізіміне енуін олардың бүкіл адамзат үшін маңызының мойындалуы және қазақ халқының бай тарихына, рухани мұрасы мен мәдени болмысына көрсетілген құрметтің белгісі деді.

Осы шешімнен кейін Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра нысандарының саны жетіге жетті. Тізімде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Таңбалы петроглифтері, Сарыарқа далалары мен көлдері, Ұлы Жібек жолының Чанъань – Тянь-Шань дәлізі, Батыс Тянь-Шань және Тұран шөлдері бар.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер