USD
USD
USD

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу барысында Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді қайта бастауды ұсынды. Кездесу Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы аясында өтті.

.
Фото: Кремльдің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Тоқаевтың айтуынша, соғыстың жалғасуы Ресей мен Украинаға қарсы күштердің мүддесіне сай келеді.

«Мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені болып жатқан жағдай, меніңше, Ресейдің де, Украина мемлекетінің де қарсыластарына тиімді әрі оларды қуантады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа қатысты өзіне Еуропа мен АҚШ-тан көптеген белгі түсіп жатқанын айтты. Сондай-ақ бұл қақтығыстың табиғаты көпшілікке, соның ішінде Қазақстанға да толық түсінікті емес екенін жеткізді.

Тоқаев тараптарға «Стамбұл формуласы 2.0» негізіндегі келіссөздерге қайта оралуды ұсынды.

«Бұл қақтығысты уақытша тоқтатып, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілген Стамбұл формуласы 2.0-ге қайта оралу керек шығар. Әрине, ірі державалардың кепілдігімен. Содан кейін көптен күткен бейбітшілікке қарай қадам басуға болады», – деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерде араағайын болмайтынын мәлімдеді.

Владимир Путин өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина бағытындағы қазіргі жағдай туралы егжей-тегжейлі ақпарат беретінін айтты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық

Қашаған операторына салынған 2,35 трлн теңге айыппұлды өндіру басталды

кен орны