25 Қараша 12:05

Балаларымен терезеден секірген әйелдің өлер алдында жазған хатының жалғасы жарияланды (видео)

Фото:

Марқұмның туған әпкесі Жанар Қыдырбаева сіңлісі өз-өзіне қол саларының алдында жазған хатының жалғасы бар екенін айтты.

Алматы, NEGE. — Хатта «Бұл өмірдің мәні қалмады. Өмір сүргім келмейді. Мені кешіріңіздер. Кінәлілер өздерін біледі» деп жазылған. Мен мұндағы кінәлілер деген күйеуі мен қайын жұрты деп ойлаймын. Себебі ол кісілер арада басқа әйелдің бар екенін білген. Хаттың екінші парағында үлкен кемпірқосақтың суретін салып, «Менің осы жағдайымды әпкеме ғана жеткізіңіздер. Мен әпкемді жақсы көремін, әпкем ғана маған жанашыр» деп, менің телефон нөмірімді үш рет жазған», – деді көзінің жасын тыя алмаған әпкесі.  

Хаттың түпнұсқасын қазіргі таңда полицейлер зерттеп жатыр. Жалғасы бар екенін бірден айтпаған себебі күйеубаласын күткен. Яғни, қайғылы оқиғадан соң күйеу баласы хабарласып, бала-шағасын жер қойнына тапсырған соң видеоүндеу жасап, бар шындықты қайын жұртына айтып беруге уәде етіпті.  

9-қабаттан секіріп кеткен келіншек пен оның балаларының денесі жер қойнына тапсырылды.

Тегтер: