4 Қазан 17:50

Жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы. Азайтпасақ НЕГЕ ертең қиналамыз?

Фото:

Мемлекет өзі қабылдаған ұлттық Стратегияға сай жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2021 жылы 20 пайызға, 2025 жылы 25 пайызға, ал 2050 жылы 50 пайызға төмендетуі тиіс. Осыған қатысты, Nege.kz энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты мақалалар сериясын жалғастырады. Материалда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру туралы баяндайтын боламыз.

Осының алдында біз, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейден 18%-ға төмендегені туралы жазған болатынбыз. Және осы көрсеткіш жыл сайын төмендеп келеді.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде профилактикалық бақылаудың жаңа институты енгізілді. Оның қолданыстағы тексеру жүйесінен айырмашылығы әкімшілік іс өндірісін қозғамай құқық бұзушылықтың профилактикасы және алдын алу  болып табылады.  Бақылау субъектісіне (объектісіне) барып және бармай профилактикалық бақылау және қадағалау енгізілген. Осы айтылғандар негізінде мемлекет энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай  профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тәртібін көздегісі келді.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектілері бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар беруде. Бұл осы субъектілермен серіктестік қарым-қатынастар орнатуға, мемлекеттік бақылау және қадағалаудың ескі жүйесін өзгертуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергетикалық сектор объектілері үшін, жекелігінде электр станцияларының және қосалқы станциялардың меншікті қажеттіліктеріне арналған электр энергиясының шығыны бойынша нормативтерді сақтау бойынша талаптар белгіленген. Заңға сәйкес салалардағы энергия үнемдеу бойынша мемлекттік саясатты іске асыру тиісті уәкілетті органмен жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2017-2018 жылдары электр энергетикасы саласының объектілері болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергоаудиттерінің қорытындыларын тыңдау бойынша жұмыс жүргізді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде және функцияларды энергия бақылау саласында сапалы және тиімді іске асыру үшін министрлік лектр энергетикасы саласындағы уәкілетті органның құзыретіне станцияның қажетіне арналған қуаты мен нормативтері коэффициентінің нормативтік мәндерінің сақталуын бақылау жөніндегі функцияларды бірлескен талаптарды бекіте отырып энергияны тұтынуды ұсынған болатын.

Шын мәнінде, осы функцияларды беру тексеру нәтижелеріне оң әсер етеді. Бұдан басқа, электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органда өз саласында энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру көрсеткіштеріне қол жеткізу құралы пайда болады.

Энергия үнемдеу саласындағы өңірлік саясатты күшейту

Бүгінгі күні Заңның негізгі нормалары жергілікті атқарушы органдар үшін энергия үнемдеу бойынша процестерді регламенттейді. Жергілікті атқарушы органдар осы шаралардың барлығын тікелей енгізетін мекемелер болып табылады. Бұған қоса алғанда, энергия тұтыну көлемі және экономика құрылымы бойынша барлық 17 әкімшілік-аумақтық бірліктің өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескеруіміз керек. Кейбір өңірлер айтарлықтай энергия үнемдеу әлеуетіне ие, алайда білікті қызметкерлерінің және қаржы қаражатының  болмауы осы әлеуетке қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

Уәкілетті орган жыл сайын энергия үнемдеу мәселелері бойынша ЖАО қызметіне бағалау жүргізеді, олардың қорытындылары бойынша өңірлерге балл беріледі. Бірақ сонда да, аймақтар энергия үнемдеу мәселелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізбей отыр. Оның себебі, өңірлерде энергия үнемдеудің нысаналы көрсеткіштері жоқ. Сондықтан қазіргі таңда осы көрсеткіштерді дайындау қажет болып отыр. Көрсеткіштердің болмауы энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды ең соңынан, жүрдім-бардым принципімен қаражаттандыруға әкелуде. Бірақ, энергия үнемдеу бойынша іс-шаралардың ел экономикасының тұрақтылығына жұмыс істейтіндігін ұмытпауымыз керек.

Жергілікті атқарушы органдар аумақты дамыту бағдарламасына сәйкес 5 жылдық кезеңге арналған энергия үнемдеудің өңірлік кешенді жоспарларын әзірлейді және бекітеді. Көбінесе әзірленген кешенді жоспарлардың өзінде қаржылық қамтамасыз етілуі жоқ, бұл оларды іске асыруды тиімсіз етеді, оның ішінде ресми сипаттағы іс-шаралар көзделеді. Жергілікті бюджетте энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі шараларға бағытталған бағдарламалар жоқ.

Бұдан басқа, ҚР Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы «Төмен көміртекті дамуға тұрақты қалалар» жобасы шеңберінде 15 пилоттық қалада халықаралық сарапшылардың қатысуымен өңірлерді төмен көміртекті дамыту жоспарларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізген. Жоспар шеңберінде қалалық шаруашылық секторлары бойынша парник газдарын түгендеу жүргізілді, барлық қалалық секторларда төмен көміртекті дамыту үшін муниципалдық мүмкіндіктерге SWOT-талдау жасалды.

Жобалар мен бастамаларды іске асыру тәуекелдеріне талдау жасалды, сондай-ақ жобаларды іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту және бірлесіп қаржыландыру мүмкіндіктері бағаланды. Оның нәтижесінде, пилоттық қалалар мен облыстардың төменкөміртекті (энергия үнемдеуші) дамыту жоспарына инвестицияларды алдын ала бағалай отырып, сәйкестендірілген төменкөміртекті жобалар енгізілген. Тиісінше, төмен көміртекті даму жоспарларының және 2020 жылға дейін энергия үнемдеудің өңірлік кешенді жоспарларының болуын ескере отырып, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатты тиімді іске асыру үшін министрлік жергілікті атқарушы органдарға энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеу және бекіту бойынша құзыреттілікті, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша құзыреттілікті беру ұсынған еді. Сонымен қатар, әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсіл үшін осы карталарды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органмен келісу де ұсынылды.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес тиімді мониторинг және бақылау үшін аумақтарды дамыту бағдарламасының бағдарламасына энергия үнемдеу бойынша көрсеткіштерді енгізу жоспарланып отыр.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ынталандыру тетіктерін құру

Энергия тиімділігін арттыру саясатының табысы саяси ерік-жігерге және кешенді тәсілге байланысты. Жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендету жөніндегі саясатты іске асыру мақсатында құрылған заңнамалық база инвестициялық және ынталандырушы нормалар іс жүзінде болмаған кезде міндеттеуші тетіктердің айтарлықтай басымдығымен сипатталады. Мысалы, қазіргі таңда өнеркәсіптегі энергия тұтыну бөлігінде қабылданған бірқатар заңнамалық талаптар (өнеркәсіптегі энергия тұтыну нормативтері, қуат коэффициентіне қойылатын талаптар, энергия ресурстарын тұтынуды міндетті түрде азайту) шағын өндірістерге қолданылмайды және шағын және орта бизнеске энергетикалық ресурстарды үнемдеуді ынталандырмайды.

Энергия аудитін жүргізуге міндетті Мемлекеттік энергетикалық тізілімге кіретін 2342 субъектінің тек тең жартысы ғана энергия аудитін өткізді, оның ішінде 518 нысан энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті және тек 415 нысан ғана энергия үнемдеу іс-шараларын енгізді.

Қазақстанның энергия сервисі нарығында 2015-2018 жылдар кезеңінде энергосервистік шарттар бойынша барлығы 17 жоба іске асырылды. Ал мысалы Ресейді алып қарайтын борлсақ, тек 2016 жылы 702 энергосервистік шарт іске асырылған екен. Энергия үнемдейтін іс-шаралар жеке алынған кәсіпорын үшін болмашы экономикалық пайда болуы мүмкін екенін атап өткен маңызды, бірақ ел ауқымында энергия ресурстарын едәуір үнемдеуге алып келетін синергетикалық әсер етуі мүмкін. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы саясатты іске асыру мақсатында «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру институты» АҚ осы іске жауапты мекеме болып бекітілді. Енді институт энергия сервистік қызметтер нарығының операторы ретінде энергия үнемдеу бойынша ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлейді. Осы жоспарды іске асыру энергия сервистік компаниялар нарығын дамытуға ықпал ететін тікелей қаржы құралдарын құру және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету арқылы мүмкін болады.

Жабдықтардың энергия тиімділігі жөнінде талаптарды жетілдіру

Тұтынушылық сұраныстың жыл сайынғы өсуі, индустриялық-өнеркәсіптік прогресс, қарқынды маркетингтік және жарнамалық стратегия энергия тұтынатын құрылғылардың пайдалану көлемінің жаппай ұлғаюына әкелді. Бұл ретте, қолда бар тұрмыстық және өнеркәсіптік мақсаттағы жабдықтар паркінің жыл сайынғы тозуын ескеру қажет.

Мұның барлығы электр энергиясын тұтынудың өсуіне және соның салдарынан жаңа энергия генерация қуатын құрастыру қажеттілігіне әкеледі. Өнеркәсіпте электр энергиясының негізгі тұтынушысы электр қозғалтқыштар мен трансформаторлар болып табылады, ал тұрмыста – тұрмыстық тоңазытқыштар мен ауа баптағыштар.

Мысалы, осыдан 6 жыл бұрын Қазақстанда тоңазытқыштар, электр қозғалтқыштар және трансформаторларды пайдалану кезінде электр энергиясын тұтыну шамамен 40 ТВт*сағ болды. Бұл процеске араласпай және көрсетілген төрт үлгідегі барлық жабдықтарды қолдану кезіндегі электр энергиясын төмендетуге бағытталған талаптар енгізілмесе, тұтыну 2030 жылға қарай 87 ТВт*сағ-қа дейін артады, бұл Қазақстан бойынша энергия теңгерімі жүйесінің жартысын құрайды.

Сондай-ақ, жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, жоғарыда аталған жабдықтардың импорты ұлғаюда. Квазимемлекеттік сектор субъектілері осы жабдықтардың ірі сатып алушылары болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде министрлік мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне энергия тиімділік бойынша талаптарға сәйкес келмейтін жабдықтарды сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салу нормасын көздеу ұсынды. Бірақ бұл ретте, лауазымды және заңды тұлғалардың әкімшілік жауаптылығын көздеу қажет.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар бірыңғай портал арқылы жүзеге асырылатынын атап өту қажет. Мысалы: Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы қолданыстағы заңнамасы мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін жарықтандыру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын сатып алуды жүзеге асыруға жол бермейді. Уәкілетті орган жылына екі рет қыздыру шамдарын сатып алуға мониторинг жүргізу үшін ҚР Қаржы министрлігіне қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын өткізілген Мемлекеттік сатып алу бойынша ақпарат ұсыну туралы сұрау жібереді. Тиісінше ҚР Қаржы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатын «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС ҚР Қаржы министрлігі арқылы деректерді ұсынады, оларды кейіннен уәкілетті орган талдайды және бұзушылықтар туралы ақпарат энергия үнемдеу саласындағы заңнаманың талаптарын бұзған қызметкерлерді жою және тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Осыған байланысты, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін энергия тиімділігі жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін жабдықтарды сатып алуды жүзеге асыруға тыйым салуды енгізу кезінде бұзушылықтарды мониторингілеу және анықтау бойынша тиімді шаралар әзірлеу қажет. Осыны түзеу үшін мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жабдықтарды Мемлекеттік сатып алу мониторингінің қағидаларын әзірлеу және бекіту ұсынылған болатын.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, алдыңғы қатарлы елдер бірінші кезекте энергия тұтынатын құрылғылардың көптеген түрлері үшін энергия тиімділігі бойынша ең төменгі талаптар мен стандарттарды енгізуге, сондай-ақ өз экономикасының ерекшелігіне сүйене отырып, оның сақталуына және сәйкестігіне назар аударады:

- тиімді, сондай-ақ тиімділігі аз энергия тұтынатын құрылғыларды пайдалану туралы қолданыстағы нарықты талдауға;

- неғұрлым энергияны тиімді тұтынатын құрылғыларды орнату кезінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы құралдарын және басқа да ресурстарды үнемдеуге;

- ұлттық нарықты сапасыз өнімдер және жабдықтардан қорғау;

- энергия тиімді жабдықтар және аспаптардың отандық өндірушілерінің мүмкіндігін кеңейтуге және дамытуға, сондай-ақ осыған ұқсас талаптардың басқа елдерде болуын ескере отырып, экспорт пен импорт шеңберінде бәсекелес болуға мүмкіндік беру.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес технологиялық процестер үшін энергия тиімділігі бойынша талаптар белгіленген. Технологиялық процестер үшін энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу көптеген технологиялық процестерге, негізгі жабдықтарды жаңғыртуға және өндірістегі жобалық шешімдердің өзгеруіне байланысты тым артық және қажет емес сияқты. Осыған байланысты, үкімет технологиялық процестер үшін энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу бойынша норманы алып тастауды ұсынған еді.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сектордағы энергия тиімділігін арттыру

Қазақстандағы энергетикалық ресурстардың негізгі тұтынушылары энергияны көп қажет ететін өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылатынын атап өткен жөн. Олардың үлесіне елдің барлық тұтынылатын электр энергиясының 65% - дан астамы келеді. Бұл, ең алдымен, өнеркәсіптің өндіруші салалары басым ұлттық экономиканың құрылымымен түсіндіріледі.

Еліміз үшін энергия үнемдеу саласындағы келесі саты ғимараттар, құрылыстар мен үй-жайлардың энергетикалық ресурстарды тұтыну мәселесі болып табылады. Оның өзіндік себебі бар. Жыл сайын тұрғын және тұрғын емес объектілер санының өсуі байқалады. Қазір жобаланатын ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарына үлгілік стандарттар мен талаптар белгіленген. Ең маңыздысы, құрылыс салушыларды энергия тиімділігін арттыруға ынталандыру тетіктері әзірленді. Шынын айтар болсақ, заңмен үйлер, құрылыстар мен ғимараттар үшін энергия тиімділігі бойынша негізгі талаптар белгіленген. Алайда, іс жүзінде олар сақталмайды.

Энергия аудиті, өз кезегінде, объектінің энергия тиімділігі талаптарына сәйкессіздігін анықтауға, энергетикалық ресурстарды артық тұтыну себептерін анықтауға, оларды төмендету бойынша ұсыныстар беруге мүмкіндік беруші еді. Сондықтан мемлекет тапсырыс берушінің, мердігерлік ұйымның (бас мердігерлік ұйымның), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын тұлғалардың, Жаңа объектілерді және қолданыстағы үйлерді, құрылыстарды және ғимараттарды пайдалануға енгізгеннен кейін энергия тиімділігі класына сәйкес келмеуіне әкімшілік жауапкершілік белгілеуді ұсынып отыр. Осы шараны қабылдау болашақта көп пәтерлі тұрғын үйлер мен ғимараттар секторына қаржы қаражатының көптеп құйылуына жол бермеуге, сондай-ақ энергия тапшылығын қысқарту үшін жаңа генерациялайтын қуаттарды енгізу мәселелерін кейінге қалдыруға және тұру мен жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл норма іріктемелі тексерулердің объектісі болып табылмайтынын, тек тұрғындар мен объектілердің меншік иелеріне өз мүдделерін қорғауға құқық беретіндігін атап өту қажет.

Энерготиімділік бір көзге байқалмаса да, еліміздің болашақ қауыпсіздігі үшін аса маңызды рөл ойнайды. Көршілес Қытайда қазірдің өзінде ауыр энергетикалық кризис басталды. Қала тұрғындары жарықсыз отыр. Дәл осындай кризисті алдағы қысқа Еуропа елдері бастан кешіреді деп күтілуде. Сондықтан Қазақстанға алдын-ала қамданған дұрыс.

Тегтер: