USD
USD
USD

Вице-министр Үкіметте «Виаграны» еске алды

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов дәрі-дәрмектің дженерик (түпнұсқа препараттың дәл көшірмесі) нұсқаларына қатысты сауалға жауап берді.  

сапасы
Фото: pharmnewskz

Астана, NEGE. Оның айтуынша, дженерик нұсқалар сапасы жағынан түпнұсқа дәріден еш кем емес. 

«Мен бұрын уролог болдым және кейде осы мысалды келтіремін. Егер қателеспесем, Pfizer компаниясы 2009 немесе 2010 жылы ең танымал өнімдерінің бірі – «Виаграны» өндіруді тоқтатқан. Сол кезде компания патенттік құқықтарын АҚШ аумағынан тыс жерлерде сатқан. Қазір бұл препарат бүкіл әлемде әртүрлі атпен шығарылады, ал оның дженерик нұсқаларына ешкімде ешқандай сұрақ туындамаған. Бұл жағдай оң мысалдардың бірі болып табылады», – деді Мұратов.

Сонымен қатар, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков тек қана түпнұсқа дәріні пайдалану өте қымбат болатынын және әлем бойынша көбіне дженерик нұсқасындағы дәрі-дәрмек қолданылатынын айтты. 

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Шерзат Болат

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

.

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

Төрәлі Қыдыр

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр

Тұрғын үй