USD
USD
USD

Пара алды деген күдікпен ұсталған полиция қызметкері қашып кетпек болды

Түркістан облысында пара алды деген күдікпен ұсталған Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкері тінту кезінде қашып кетпек болды. 

Түркістан облысы
Фото: видеодан кадр

Астана, NEGE. Кадрда ҰҚК қызметкерлерінің тұтқындап жатқан сәті көрсетілген. Олар қызметкердің қалталарын тексеріп жатқанда, тәртіп сақшысы қашып кетуге әрекет жасаған. Құқық қорғаушы Айгүл Орынбектің айтуынша, пара 200 000 теңге көлемінде болған. 

Түркістан облысы полиция департаменті күдіктінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады.  Аталған факт бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция департаменті қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылғанын және басқа да жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты. 


Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы