USD
USD
USD

Берік Уәли әлеуметтік желіде тараған даулы суретке қатысты пікір білдірді

Абай облысының әкімі Берік Уәли әлеуметтік желілерде тарап кеткен «Әліби ісінің» фигуранты Арман Әбілтаевпен бірге түскен суретке қатысты түсініктеме берді.

Берік Уәли
Фото: Kozachkov offside

Астана, NEGE. Тамыз айында әлеуметтік желілерде әкімнің Әбілтаевпен бірге түскен суреті жарияланған болатын. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Берік Уәлиге бұл суретке байланысты сұрақ қойылды.

Әкімнің айтуынша, фото құрылысшылармен өткен кездесу кезінде түсірілген. Сол жиында Арман Әбілтаев серіктестерімен бірге болған. Оның істі адам екенін сурет жарияланып, журналистер жаза бастаған кезде ғана білгенін айтты.

«Бұрын танымайтынмын оны. Біз құрылысшылармен кездескен едік, арасында бұл азамат та болған. Әрқайсымен жеке-жеке суретке түстік. Кейін ол фотоны Instagram-да ма, басқа жерде ме жариялапты. Оның жеке өмірі мен өткенінен хабарым болмады, сол жерде ғана көрдім. Күн сайын жүздеген адаммен кездесеміз, бәрі суретке түседі. Оны сенсация етудің жөні жоқ», – деді Берік Уәли.

Еске салайық, 2015 жылы елде көп талқыланған «Әліби ісі» бойынша кәсіпкер Қайрат Жамалиев және бірнеше адам, соның ішінде Арман Әбілтаев сотталған болатын. Бұл іс қоғамда зор резонанс туғызған еді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар